Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек13 және 14 желтоқсан күндері Бурабайда қысқы маусымның ашылуына арналған көңілді іс-шаралар өтеді. «Бурабай-Даму» кәсірорнының ұйымдастыруымен өтетін ашылу салтанатында қонақтарға көптеген тосынсыйлар, қызықты ойын-сауық түрлері ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы Лапландияда жергілікті әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама әзірленіп, көңілді ойындар мен би флешмобтары өтеді. Халыққа тегін ыстық шай ұсынылады, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар өнер көрсетеді. Ал отшашу мен fireshow көңілді кешті түйіндейді.
Жалпы отандық Лапландия курорттың жаңғырған бренді деуге әбден лайық. Биыл мұндағы Санта-Клаустың резиденциясының дизайны жаңарды. Декоративті жарықтар орнатылып, тақырыптық фотозоналар Клаустың пошта бөлімшесі ашылды. Жануарлары бар мини-зообақ та бар. Балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдарына орын табылды.
Экологиялық туризм де назардан тыс қалған жоқ. Қыс бойы Марал фермасына экскурсиялар ұйымдастырылады. Ол жерде халық сұлу жануарларды көріп, тыныс-тіршілігімен танысады. 50 жылдық тарихы бар зообаққа келіп, аң-құстарды тамашалайды.
Тарих пен заманауи технологияларды ұнататындар үшін курортта Мультимедиялық кешеннің есігі қашанда ашық. Биыл ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген кешен отбасылық демалыс үшін таптымайтын жерлердің бірі.
Биылғы қыста мұз қалашығының ауқымы мен көңілді аттракциондары таңғалдырмай қоймайды. Биіктігі 8 метрлік екі үлкен сырғанақ, кең мұз айдыны, коньки, шаналар және қысқы ойын-сауықтың басқа да құралдарын жалға алу мүмкіндігі бар. Мұзқала 14 желтоқсанда ашылады. «Бурабай-Даму» биыл қонақтарға осы және басқа да қызықты дүниелерді ұсынып отыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?