23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола облысының Бурабай ауданында Казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері қомақты мөлшерде пара бергені үшін сотталды. Оған жиырма еселенген мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрады.
«Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметіне тексеру нәтижелері бойынша оң шешім шығарғаны үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруде кінәлі деп танылды.
Сотталған тұлға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген мәліметте.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік