Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыЖыл басынан бері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 2 122 текше метр, яғни, 1 мың 379 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды El.kz
Әсіресе туристер көп келетін жаз маусымында Ұлттық паркте санитарлық тазалау жұмысы қыза түсті. Мәселен, көлдердің жағалауынан, адамдар көп жиналатын жерлерден маусым айында – 216 тоннаға жуық, шілдеде – 512 тоннадан артық, тамызда – 301 тоннадан астам қоқыс жиналды.
– Санитарлық тазарту жұмысы күн сайын жүргізіледі. Жұмыс күні қоқыс үш рет (сағат 6.00, 12.00, 19.00-де), демалыс пен мереке күндері төрт рет (сағат 6.00, 12.00, 15.00, 19.00-де) шығарылады, – дейді парк директоры Сергей Быков.
Ұлттық саябақ аумағына қоқыс жинайтын 60 контейнер қойылған. Оның 30-ы Бурабай көлінің жағалауында. Одан бөлек ұсақ қалдықтарды салатын 100 жәшік бар. Курортта барлығы 31 қоғамдық санитариялық торап жұмыс істеп тұр.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?