Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБурабайда мұзда жүгіруден халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Президент Іс Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық және шетелдік əуесқойлар 19 ақпанда «Бурабай» ұлттық саябағына жиналып, Жұмбақтастың жанында, қалың мұз қатқан айдын бетінде экстремалды жарысқа қатысты.
«Қыс мезгілінде көлдің мұзайдынында бұқаралық спорт жарысын өткізу елімізде бұрын-соңды болып көрген емес. Біз алғаш рет қолға алып отырмыз. Табиғаты әсем Бурабай өңірінде, аты аңызға айналған Жұмбақтастың жанындағы экстермалды сайыс өте қызықты өтеді деген сеніміміз мол. Әрине, әуесқой спортшылар үшін бұл сынақ оңайға түспейді. Дегенмен, осындай сынақ адамның ерік-жігерін шыңдауға да көмектеседі. «Бурабай-Даму» серіктестігінің мақсаты – осындай іс-шаралар арқылы өңірдің әсем табиғатын жұртшылыққа насихаттай отырып туристердің қызығушылығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің компанияның құрылғанына биыл 8 жыл толады, сол себепті биыл осындай іс-шаралар көбірек өткізілетін болады, – дейді «Бурабай-Даму»ЖШС бас директорының орынбасары Қасымжан Кенжешов.
Бұл жарысқа кез келген жастағы спортшылар мен жастар қатысақан. Мәреге жеткен спортшылардың қай-қайсысы да жүлдесіз қалмай, барлығы марапатталды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар