Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Tartyl Fest» республикалық турнирінің ұйымдастырушыларына алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Осындай үлкен гранд-финалды ұйымдастырып жатқандарға алғысымды білдіремін. Қаншама өрендердің арасынан озып шыққан бүгінгінің батырларын құттықтағым келеді. Себебі, осындай үлкен бәйгеге қатысудың өзі жүлде деп ойлаймын. Ендігі таңда бұл турнир елімізде дәстүрлі түрде өтіп отырады. Жақында өздеріңіз білетіндей еліміздегі жастардың саны 35 жасқа дейін ұлғайған болатын. Президенттің қолдауымен өткізіліп жатқан бұл шара тек қана жастардың емес, барша қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстануын көздейді және бұл бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деп сенемін. Бүгін қатысушыларға қолдау білдіруге келген қоңақтарға да өз алғысымды білдіремін. Ал жеңімпаздар алдағы уақытта осындай биік мінберден көріне берсін», - деді министр.
Дархан Қыдырәлі республикалық турнирге қатысып жатқан азаматтарды құттықтап, қолдау білдірді.
Еске сала кетейік, елордада «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өтті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?