Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақ руханиятының көрнекті өкілі, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өткеннен кейін оның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауға қолдау көрсетуді сұрады.
Хатта ақынның көзі тірісінде білдірген ең соңғы тілектерінің бірі – өзінің мәңгілік мекені ретінде Арыстанбаб кесенесі маңын таңдағаны атап өтілген.
Ақынның киелі топырақта жерленуі – отбасының өтініші ғана емес, бұл ұлттық рухқа, тарихқа және ұлы тұлғаға көрсетілетін зор құрмет, – делінген хатта.
Сондай-ақ аталған нысанның республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш екені ескеріліп, жерлеу рәсімін заң талаптарына сай өткізу үшін арнайы рұқсат қажет екені айтылған. Осыған байланысты ақынның жары Президенттен бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қарастырып, тиісті органдарға нақты тапсырма беруді сұраған.
Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды