1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақ поэзиясында өзінің өрелі жырларымен ізі бар ақын Қойшығұл Жылқышиев Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайына қатысты пікір білдірді.
Бұл өте жақсы, мәдениетті, парасатты өткен құрылтай болды. Осыған дейінгі құрылтайлардың барлығы айғай-шусыз, дау-дамайсыз болмаушы еді. Басқарманы сайлау кезінде үлкен ауызбіршілік көрсетілді. Бір ғана кандидатура болды. Әр кезде әр кім өзі ұсынып, біреуді біреу көрсетіп жататын. Бұл арада ондай болған жоқ. Бір-ақ кандидатураға төрт адам сөйледі. Төртеуі де белгілі, білімді, беделді адамдар, дейді Қойшығұл Жылқышиев.
Қалған 105 басқарма мүшесінің екеуі қарсы болды, үшеуі қалыс қалды, бес адам қатыспай қалды. Сонда бір ауыздан дауыс берді деуге болады.
Мереке Құлкенов өте іскер, білімді, заман талабына сай ұйымдастыра білетін азамат. Мықты жазушы. Ең бастысы қаламгерлердің тілін тауып кеңесе білетін, мәселелерін шеше білетін қамқор жүрек азамат. Сондықтан да Мереке Құлкеновті ылайықты тұлға деп білемін, - деді ақын.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?