Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбелік ақын Қайнар Алагөзов көлік жүргізушілеріне өлең түрінде үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақын өлең шумақтары арқылы жолда жылдамдықты арттырмауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған.
Аманаттың артып алып ауырын,
Көлік айдап, жолда жүрген бауырым,
Дұға қылып күтіп отыр артыңда,
Әкең, анаң, балаң, жарың, бауырың.
Фура айдаған, «Альфард» мінген батырым,
Алқынғанмен алдыңда мың шақырым.
Жылдамдықты 110-ға да жеткізбе,
Бақыт деген келеді өзі ақырын.
Жаннан артық көріп жүрген көлігің,
Талайлардың жалмап кеткен өмірін.
Алдындағы машинадан озам деп,
Бұл өмірден озып кетті көп інім.
Сені ойлайтын адамдардың барын біл,
Тәнің темір болғанымен жаның гүл.
Шалбарыңның ременінде шаруам жоқ,
Машинаңның ременін тағып жүр, - деді ақын.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары