13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінен 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, мұндай өзгерістер еңбек нарығының трансформациясына байланысты. Қазіргі таңда 125 кәсіп жойылып бара жатқан мамандықтар қатарына жатқызылған. Сонымен қатар 200-ден астам жаңа кәсіп пайда болып, тағы 100-ге жуық кәсіп түрі өзгеру үстінде.
Осыған байланысты колледждердегі даярлау бағдарламаларынан 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау қарастырылуда. Олардың қатарында:
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазіргі уақытта колледждерде 188 мамандық бойынша білім беріледі.
«Сұраныстың болмауына байланысты 32 мамандықты, оның ішінде 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейтін 66 білім беру бағдарламасы тізілімнен шығарылды», –деді министр.
Жаңа мамандықтар енгізілуде
Сонымен бірге колледждердегі мамандықтар тізімі экономиканың жаңа қажеттіліктеріне қарай жаңартылып жатыр. Соңғы жылдары 20-дан астам жаңа мамандық пайда болған.
Олардың арасында:
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 188 мамандық пен 352 жұмысшы біліктілігі қамтылған. Тізілімде 14 494 білім беру бағдарламасы бар, оның 552-сі кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген.
Оқу-ағарту министрлігінің болжамынша, 2030 жылға қарай Қазақстан экономикасына жыл сайын 225–256 мың маман қажет болады. Ең сұранысқа ие кәсіптердің 70 пайыздан астамы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тиесілі.
2035 жылға дейін кадрларға қажеттілік:
2025-2030 жылдары жұмысшыларға ең жоғары сұраныс Алматыда шамамен 35,6 мың адам, Жетісу облысында – 33,3 мың, Қызылорда облысында –28,1 мың, Қостанай облысында –24,2 мың және Астанада – 23,9 мың адам болады деп күтіледі.
Министрлік мамандарды даярлау көлемі мен еңбек нарығының қажеттілігі арасында айырмашылық бар екенін де атап өтті. Мәселен, құрылыс саласында қазір 22,4 мың адам білім алып жатыр, ал болжамды қажеттілік – 102 мың маман. Ауыл шаруашылығында 12,7 мың адам оқып жатса, салаға 73 мың маман қажет болады.
Елімізде 763 колледж жұмыс істейді. Оның 435-і мемлекеттік, 328-і жекеменшік. Колледждерде жалпы 556,2 мың студент білім алуда. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 393,3 мың орынды құрайды.
Соңғы үш жылда колледждерге қабылдау 5,8 пайызға өсіп, 57,8 мың адамға жеткен. Ал түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 16 пайызға артып, 79,3 пайыз болған.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы Қазақстандағы еңбек нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Жасанды интеллект пен автоматтандыруға байланысты мәтін өңдеушілер мен терушілер, деректерді енгізумен айналысатын қызметкерлер және корректорлар секілді кейбір кәсіптерге сұраныс төмендеуі ықтимал.
Сондай-ақ қайталанатын және бірсарынды жұмыс көп кездесетін салаларда өзгерістер болуы мүмкін. Олардың қатарында хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер, бухгалтерлер, өндірістегі конвейер жұмысшылары, жүргізушілер, кассирлер, колл-орталық қызметкерлері, тракторшылар мен комбайншылар бар.
Сонымен бірге еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптердің тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтілмек. Олардың қатарына инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл энергетика және атом энергетикасы салаларындағы мамандықтар кіреді.
Осылайша, колледждердегі мамандарды даярлау жүйесі дәстүрлі әрі сұранысы төмен кәсіптерден жаңа технологиялар мен экономиканың болашақ қажеттіліктеріне бағытталған мамандықтарға қарай біртіндеп өзгеріп келеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды