22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің сыртқы жарнамасына тыйым салатын заң күшіне енді. Заң күшіне енгенге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі жарнамалық құрылымдардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осы шаралардың арқасында елордада заң күшіне енгенге дейін букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды.
«Астана-Жарнама» сыртқы жарнамаларды бақылауды жалғастыруда. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұзушылықтар анықталса, заңсыз жарнама жойылып, оны таратушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы кітапшалар шығарылуда, - делінген мәліметте.
Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселерді ғимараттың қасбеттеріне, ашық алаңқайларға, көліктерге және сыртқы құрылыстарға жарнамалауға тыйым салынады. Жарнамаға тек букмекерлік кеңселерде, спорт ғимараттарында және спорттық жабдықтарда ғана рұқсат етіледі. Букмекерлік компаниялардың логотиптері мен сауда белгілерін бизнестің басқа түрлерін жарнамалауда пайдалануға да тыйым салынады.
ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес, заңды бұзғаны үшін 236 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев