6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде жоғалған 13 жасар қыз аман-емен табылды. Жасөспірім 23 ақпан күні таңғы уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 9 сынып оқушысын тәртіп сақшылары, қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қаланы шарлап іздеген.
Іздеу жұмыстары ойын-сауық орындарымен қатар қараусыз қалған ғимараттарда да жүргізілген. Полицейлер оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты.
Ол орталық полиция бөліміне жеткізіліп, мамандар онымен әңгіме жүргізілуде. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады.
Оқи отырыңыз:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі