7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?3 қазаннан бастап Ұлттық банк жаңа монеталарды интернет-дүкенінде сатылымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 қазаннан бастап Ұлттық банк жаңа монеталарды интернет-дүкенінде сатылымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелерінде тыныштық пен береке болсын деген тілекте айтылады, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрі үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті, – деп жазды Ұлттық банк.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?