Бүгінгі жастар соғыс батырларын біліп өсуі керек - қорғаныс министрі

9 Мамыр, 09:41 282

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!

Қымбатты отандастар!

9 мамырда біз Жеңіс күнін атап өтеміз.

Ұлтына, дініне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бейбітшілік пен теңдік үшін болған бұл соғыста адамзат жеңіске жетті.

Жыл өткен сайын қанды шайқастың куәгерлері азайып барады.

Содан бері 79 жыл өтсе де, біздің халықтарымыздың өз Отаны мен бүкіл Еуропаны фашист басқыншыларынан азат етудегі  ерлігі ешқашан ұмытылған емес. 1945 жылы 9 мамырда ІІ дүниежүзілік соғыстың қанды парағы жабылды.

Қазақстанның қаһарман ұлдары мен қыздары өзге республикалардың өкілдерімен бірге жауға қарсы тұрды. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз Брест бекінісіне, Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград пен Курск шайқастарына, бұрынғы Кеңес Одағының, Шығыс және Орталық Еуропаның оккупацияланған аумақтарын босатуға және Берлинде Рейхстагқа Жеңіс туы тігілген күнге дейін қан төкті.

Сол кезде соғыс тылы саналған Қазақстанда еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін ортақ жеңіс жолында жан аямай тер төкті.

Қазақстандықтар эвакуацияланған мыңдаған жас мамандар мен жер аударылған азаматтарды, балаларды, жараланған жауынгерлерді, жүздеген ұйымдар мен зауыттарды қабылдады.

Бүгінгі жастар соғыс батырларын біліп өсуі керек. Сол себепті біз үшін ұрпақтар сабақтастығы өте құнды.

Соғыс – өткен тарих. Қазіргі жас ұрпақ тарихтан сабақ ала отырып, гүлденген Қазақстанды сенімді түрде құрып жатыр.

Бүгін біз сол жылдардағы қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін күн сайын халқымыз бен болашақ ұрпағымыз үшін қауіпсіздікті сақтауымыз қажет.

Жеңіс күніне орай өз атымнан және Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Соғыс ардагерлеріне, Қарулы күштердің барлық жеке құрамына және ел азаматтарына мықты денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін!

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: