23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Синоптиктер дүйсенбі, 16 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде тұман.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Павлодар облысының шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді, түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік