Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін жер шарының тұрғындары ерекше астрономиялық құбылыс -Айдың симетриялық доңғалануын тамашалай алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астрономдардың мәліметінше, бұл құбылыс 6 қараша күні сағат 03:10-да басталып, 7 қараша сағат 08:10-ға дейін жалғасады. Айдың Жерге ең жақын нүктеге келуі 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні сағат 02:30-да болады.
Ерекше пішіндегі Ай - бұл Ай толық толған кезде оның перигей деп аталатын нүктеде, яғни Жерге ең жақын қашықтықта (360 000 км-ден аз) орналасуы. Мұндай сәттерде Айдың беті әдеттегіге қарағанда 7–14% үлкен, әрі 15–30% жарығырақ көрінеді.
Астрономдардың айтуынша, қараша айында Ай мен Жердің арақашықтығы 356 832 км, ал желтоқсанда – 356 961 км болады.
Ғалымдар толған Айдың адам денсаулығына немесе табиғи процестерге айтарлықтай әсері жоқ екенін атап өтті. Тек мұхиттар мен теңіздерде су деңгейі шамамен 3-5 сантиметрге көтерілуі мүмкін.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек