Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБүгін елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Ғалымдар домбырада ойналатын жеті мыңнан астам күй бар деген болжам жасаған. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды.
Елімізде алғаш рет Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 1 шілдесінде тойланды. Бұл күні Астанадағы "Қазақ Елі" монументі алдында 2 мыңнан астам домбырашы түрлі күйлерді орындап, көптің ықыласына бөленген болатын.
Ұлттық домбыра күні биыл жетінші рет атап өтіледі. Еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени шаралар жоспарланып отыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар