Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күні – табиғатты қорғау мен орман байлығын сақтау ісіне үлес қосқан мамандардың кәсіби мерекесі, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бұл күн орманшылардың, экологтардың және табиғатты қорғауға атсалысқан азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында белгіленген.
Қазақстанда орман қоры шамамен 30 миллион гектарға жуық. Негізгі орманды өңірлерге Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстары жатады. Бұл өңірлерде жыл сайын жасыл желекті көбейту, ағаш көшеттерін отырғызу және табиғи ормандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Соңғы жылдары елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында алдағы бірнеше жылда 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен болашақ ұрпаққа таза табиғатты аманат етуге бағытталған үлкен бастама.
Орман шаруашылығы қызметкерлері күні – табиғатқа деген жауапкершілік пен қамқорлықтың белгісі. Бұл мереке әр азаматқа туған жердің табиғатын аялау қажеттігін еске салады. Өйткені орман – ұлт байлығы, ал оны сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?