6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАрхеолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кемел Ақышев 1924 жылы 23 мамырда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ғалым темір дәуірінен қалған сақ жауынгері «Алтын адамды» тауып, Қазақстан тарихын теңдесіз жәдігермен байытты.
Сондай-ақ ғалым Беғазы, Саңғыру сынды қола дәуірінің қорымдарын зерттеуге ат салысты.
Тарих ғылымдарының докторы Қазақстанның солтүстігіне экспедиция жасап, 3 жылдың ішінде 600 археологиялық ескерткіш тапқан. Қазба жұмыстары шамамен 200 нысанда жүргізілді. Соның нәтижесінде «Қазақстанның археологиялық картасы» атты кітап жарық көрді.
Осылайша, ғалым көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Ол бізге белгілі 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 14 монография жазған.
Қазақстан археологиясының негізін қалап, мықты мектеп қалыптастырып кеткен археолог «Құрмет», «Жеңіс», «Парасат» ордендерімен марапатталды және оның есімі ҚР «Алтын құрмет» кітабына енгізілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі