Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.
Жекпе-жек барысында Жәнібек орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.
Бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болған. Алайда қазақстандық боксшы ауруханаға түсіп, кейінге қалдырылғаны белгілі. Осы жолы Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Оның салмағы салмағы – 72,54 келі, ал Андрей Михайловичтің салмағы – 72,38 келі. Шекті салмақ – 72,6 келі.
Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 14:00-де көрсетіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?