13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБүгін әлем елдері зергер күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күн – әсемдік пен шеберліктің, ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеудің символына айналды. Осы саланың хас шебері, зер қадірін білетін зергерлердің бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Карл Фаберже атындағы халықаралық орденнің иегері Берік Әлібай.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ол алғашқы әшекей бұйымдарын бала кезінен-ақ алюминийден жасап, анасы мен әжесіне сыйлаған. Бүгінде туындыларын Иордания патшайымы Рания тағып жүр. Берік Әлібайдың шығармашылық жолын қысқаша осылай сипаттауға болады.
Оған туған ауылындағы атақты ұста, өз атасы үлгі болып, жол көрсеткен. Кейіннен Алматыда зергер мамандығы бойынша білім алып, студент достарымен алғашқы шеберханасын ашты. Бұл 90-жылдардың басы еді. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, жекеменшік зергерлерге қымбат металдармен жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Ол жылдары негізгі тапсырыс берушілер Мәскеу мен Ленинград болатын. Қазақтың ұлттық әшекейлерін сол жаққа үлкен партиялармен жіберетінбіз, – деп еске алады Берік Әлібай.
Сонымен қатар ол 30 жылдан астам уақытын музей қорын дамытуға арнап, реставратор болып жұмыс істеді. Бүгінде зергердің тынымсыз еңбегі, қазақ өнері мен ұлттық зергерлік дәстүрдің тарихын жалғап келеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды