6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер1 қазан күні елімізде Қарттар күні аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.
Бұл күндері елімізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.
Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді.
Еліміздегі 79 белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қариялар бос уақыттарын өткізіп, сүйікті істерімен шұғылданады.
Айта өтейік, елімізде 100 жастан асқан 423 қария бар. Ең көп өмір сүретіндер Түркістанда тұрады.
Онда 100 жастан асқан 64 адам бар. Екінші орында Алматы қаласы. Мұнда ғасыр жасаған 48 тұрғын тіркелген. Үшінші орынға жайғасқан Алматы облысында 100 жастан асқан 38 адам тұрады. Ал жасы ең үлкен қария Ұлытау облысында. Кейуана биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Ардақты қарттарымызды бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен құттықтаймыз!
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі