Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін, 21 қыркүйек күнін, әлем елдері Халықаралық бейбітшілік күні ретінде атап өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. Басты мақсат – мемлекеттер мен халықтар ішінде, сондай-ақ олардың арасында бейбітшілік идеалдарын атап өтуге және нығайтуға шақыру.
Ал 20 жылдан кейін, 2001 жылы Бас Ассамблея бірауыздан резолюция қабылдады, онда 2002 жылдан бастап Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте жаппай отты тоқтату және зорлық-зомбылықтан бас тарту күні ретінде атап өтілетін болады деп қаулы етті.
Қазақстан – бүгінде достық пен келісімде 40-тан астам конфессияға біріккен 100-ден астам этнос өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет.
Қазақстанда халықтар арасындағы қарым-қатынастың ерекше дәстүрі қалыптасты. Әлемде этносаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы айтыла бастады. Оның негізінде тағдыр еркімен біздің аумағымызға көшіп келген барлық этникалық конфессияларға қазақтардың толерантты және төзімді қатынасы жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?