30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл күннің тарихы әйелдер құқығы үшін күреспен тікелей байланысты. 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте жұмысшы әйелдер манифестке жиналды.
Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын.
Ал 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысымен наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды.
1914 жылдан кейін бірнеше елде 8 наурыз әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Бұл күн – әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады. Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды