Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін ғана қызметінен босатылған Ресейдің көлік министрі Роман Старовойттың денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды bbc.com-ге сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Ресей Тергеу комитетінің деректеріне сәйкес, 53 жастағы Старовойттың денесі бүгін, 7 шілдеде Мәскеу облысындағы Одинцово қалалық округінде өзінің жеке автокөлігінен табылған. Марқұмның денесінде оқ жарақаты болған.
РФ Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша Бас тергеу басқармасының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Басты нұсқа – өз-өзіне қол жұмсау, – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Ресей президенті Владимир Путин Роман Старовойтты Көлік министрі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Құжатта қызметтен босатудың себебі көрсетілмеген.
Роман Старовойт көлік министрі қызметін 2024 жылдың мамырынан бастап бір жылдан сәл ғана астам уақыт атқарды. Оған дейін ол бес жылдан астам уақыт Курск облысының губернаторы болған.
Старовойттан кейін губернатор қызметіне осы өңірдің үкімет басшысы болған Алексей Смирнов уақытша тағайындалған еді. Алайда Смирнов бұл лауазымды ұзақ атқармады – желтоқсан айында отставкаға кетіп, 2025 жылдың сәуірінде тұтқындалды.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Роман Старовойтқа да қылмыстық іс қозғалуы мүмкін болған. «Коммерсант» басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Смирнов тергеу кезінде экс-министрге қарсы куәлік берген көрінеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары