Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін, 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа сапасына қолайлы жағдай сақталса, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Метеорологтардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар - атмосфераның төменгі қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия секілді факторлар жатады.
Осындай кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.
Мамандардың айтуынша, ауадағы ластану деңгейі көбіне желдің жылдамдығына, жауын-шашын мөлшеріне, ылғалдылық пен температураның өзгерісіне байланысты қалыптасады.
Тиісті қызметтер азаматтарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, терезені жиі ашпауға және көлік қозғалысын барынша азайтуға кеңес береді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек