12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік"Қазгидромет" 3 шілдеге арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында нөсер болады деп болжанады. Республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. Республикамыз бойынша жел екпіні күшейіп, оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады, күндіз солтүстік-батыс өңірде бұршақ түседі, жел соғады, түнде және таңертең солтүстік, оңтүстік-батыс өңірде тұман болады,– делінген хабарламада.
Алматы, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, Атырау өңірінің батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі жоғары болатыны ескертіледі.
Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер