6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қазгидромет» 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Қазақстан аумағында атлантикалық циклон мен атмосфералық фронттар ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Бірақ батыс, оңтүстік-шығыс және шеткі шығыс аймақтарға әсері болмайды.
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +12,+14°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +23+25°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +26+28°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, таңертең және күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ге дейін жетеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі