12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Қазгидромет» мамандары 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ және жаңбыр жауады, дауыл соғады.
Республика бойынша жел күшейеді.
Ал республиканың батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын болмайды.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты аптап ыстық болады.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстік-батысында, облыстарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер