Бүгін Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасайды

Бүгін Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасайды

Аян Қайырбаев
Фото: threads.com/@blueseasondaily

Қазақстандық футбол жанкүйерлері асыға күткен сәт келді. Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубымен бірге маусым алдындағы турнир аясындағы алғашқы матчқа қатысады.

Бүгін, 28 шілдеде, «Челси» Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесі аясында алғашқы кездесуін өткізеді. Лондондық клубтың қарсыласы – австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс».

Фото: threads.com/@blueseasondaily

Sydney Super Cup турнирінің ұйымдастырушылары «Челси» сапында Дастан Сәтпаевтың бар екенін ресми түрде растады. 17 жастағы қазақстандық футболшы турнир афишасында ағылшын клубының ең танымал ойыншыларымен бірге көрсетілген.

Ұйымдастырушылар Сәтпаевпен қатар Коул Палмер, Жоау Педро, Эстевао Виллиан, Лиам Делап, Джейми Гиттенс, Роберт Санчес, Леви Колуилл және Уэсли Фофана секілді футболшыларды атап өтті.

Бұған дейін «Челси» клубының ресми сайты команда құрамында 28 футболшы Австралия мен Азиядағы дайындық турнесіне аттанғанын хабарлаған болатын.

Фото: threads.com/@blueseasondaily

Сәтпаев негізгі құраммен бірге дайындалуда

Дастан Сәтпаевтың бұл кездесуге қатысуы қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Жас шабуылшы «Челсидің» негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы дайындық жиынына шақырту алып, өзін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Егер лондондық клубтың бапкерлер штабы оған алаңға шығуға мүмкіндік берсе, бұл матч Сәтпаев үшін Еуропаның ең танымал клубтарының бірінде өз қабілетін көрсетуге тағы бір мүмкіндік болмақ.

Фото: threads.com/@blueseasondaily

Матч қашан өтеді?

«Челси» мен «Вестерн Сидней Уондерерс» арасындағы кездесу Аустралияның Сидней қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.

«Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матчтан кейін Лондон клубы маусым алдындағы дайындық аясында бірқатар жолдастық кездесулер өткізеді.

Фото: threads.com/@blueseasondaily

«Челси» келесі қарсыластарымен ойнайды:

Дастан Сәтпаевтың «Челси» сапындағы әрбір ойыны қазақстандық футбол тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналуы мүмкін. Жас шабуылшының Лондон клубындағы алғашқы қадамдары жанкүйерлердің ерекше назарында болмақ.

Оқи отырыңыз

{