12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік17 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман түседі.
Алматыда 17 қазанда түнде тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде 1-6 градус үсік сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус үсік болады.
Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер