Бүгін басталатын сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Бүгін басталатын сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Аян Қайырбаев
Фото: El.kz

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған байланысты сайлау науқанының барлық кезеңі заңмен реттеледі. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), онлайн-платформалар және әлеуметтік желі қолданушылары үшін ақпарат тарату мен үгіт жүргізуге қатысты нақты талаптар белгіленген. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі сайлау науқаны кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін еске салды. Ендеше, сайлауалды кезеңде нені білу маңызды?

Сайлау кестесі қандай?

Сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды.

Негізгі мерзімдер:

Фото: El.kz

Сайлауалды үгіт қашан басталады?

Заңға сәйкес, үгіт жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден кейін ғана басталады. Осы уақытқа дейін кез келген үгіт материалын тарату заң бұзушылық болып есептеледі.

Сонымен қатар 22 және 23 тамызда, яғни «тыныштық күні» мен дауыс беру күні де үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Бұған дейін интернетте жарияланған материалдарды өшіру міндетті емес. Алайда оларды қайтадан басты бетке шығару немесе белсенді түрде насихаттау заң талаптарына қайшы келеді.

БАҚ қандай талаптарды орындауы тиіс?

Бұқаралық ақпарат құралдары барлық саяси партияларға тең жағдай жасауға міндетті.

Олар:

Бұл талаптардың сақталмауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Фото: El.kz

Онлайн-платформа пайдаланушыларына қандай талап қойылады?

Заң талаптары тек дәстүрлі БАҚ-қа ғана емес, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға да қатысты. Егер блогерлер, ірі парақша иелері немесе басқа пайдаланушылар саяси партиялардың үгіт материалдарын ақылы негізде жариялайтын болса, онда:

Бұл талап кандидаттардың немесе саяси партиялардың өздерінің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына қолданылмайды.

Сонымен қатар, азаматтардың ешқандай қаржылық шығынсыз немесе тапсырыссыз білдірген жеке пікірі заңмен шектелмейді.

Фото: El.kz

Қандай ақпаратты жариялауға болмайды?

Заңнамаға сәйкес:

Үгіт материалдарын жариялау үшін не қажет?

Үгіт материалдарын жариялауды жоспарлаған БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 18 шілдеге дейін үгіт материалдарын орналастыру бағасын, орналастыру шарттарын жариялап, осы ақпаратты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы тиіс.

Бұл талап орындалмаған жағдайда үгіт материалдарын жариялауға рұқсат берілмейді.

Сайлау науқаны кезінде ақпараттың әділ әрі тең дәрежеде таралуы – ашық және бәсекелі сайлаудың басты қағидаларының бірі. Сондықтан БАҚ, онлайн-платформалар және контент авторлары заң талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуі қажет.

Сайлау туралы ақпаратты жариялау кезінде белгіленген мерзімдерді сақтау, барлық саяси партияларға тең мүмкіндік беру және үгіт пен ақпараттық материалдың аражігін ажырата білу – заң талаптарын орындаудың негізгі шарттары болып саналады.

Осы тұста Құрылтайға ұсынылған кандидаттар мен партиялар бойынша шолуымызды оқи отырыңыз.

Оқи отырыңыз

{