29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары"Қазгидромет" РМК бүгін, 28 маусымда еліміздің екі ірі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда және түнгі уақытта Астанада ауа ластанады.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия секілді метеофакторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфералық ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, ластану деңгейінің қалыптасуына ең алдымен желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы және ылғалдылық сияқты ауа райының көрсеткіштері әсер етеді.
Мамандар азаматтарды денсаулығын сақтау мақсатында сақтық шараларын ұстануға, әсіресе тыныс алу жолдары сырқатына бейім адамдарға қоғамдық орындарға баруды шектеуге және ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек