13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБиыл бас қала Астанаға 26 жыл толды. Аталмыш мереке қарсаңында елордада 100-ден астам іс-шара өткізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордадағы орталық саябақта «Театрлы Еуразия» халықаралық театр форумы аясында Ресей, Польша, Эстониядан келген әртістер өнер көрсетуде.
Суреттер: El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА
Саябаққа көпшілік қауым жиналды. Елордалықтар мерекені ерекше көңіл күймен атап өтуде.
Суреттер: El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА
Бүгін сондай керемет мерекенің куәсі болып отырмыз. Астана - біздің елордамыз. Оны ерекше жақсы көреміз. Мереке қарсаңында шетелден әртістер келіп, өз өнерін көрсетіп жатыр. Біз оларға өте ризамыз және шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз, - дейді қала тұрғыны Жанна Серкебаева.
Айта кетейік, фестиваль қатысушыларының театрландырылған қойылымдары 7 шілде күні де жалғаспақ.
Сондай-ақ бүгін сағат 20:00-де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана - арман қала» мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахимқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM»
заманауи би балеті қатысады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды