Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБокстан бүгін Ташкентте аяқталатын әлем чемпионатында қазақстандық үш боксшы финалда жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
54 келіде Махмұд Сабырхан шаршы алаң иесі өзбек Ойбек Жураевпен өзара мықты анықтайды. Өткен әлем чемпионатында отандасымыз өз салмағында финалға шыққанын ескерсек, бұл сында басты фаворитке баланып отыр.
Ал 71 келіде ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те өзбекстандық Саиджамшид Жафаровқа қарсы айқасқа түседі. Бұған дейін тараздық боксшысы әлем чемпионатында жүлдесіз қалған болатын. Бұл жолы ол сенімді ақтап, чемпион атанады деген сенім мол.
80 келіде Нұрбек Оралбай финалда Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Таңатқан Тоқтарбекпен шеберлік байқасады. Бұл финал бокс тарихындағы екі қазақ спортшысының кездесуімен ерекшеленбек.
Сонымен қатар, кеше 48 келіде шаршы алаңға көтерілген Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, 67 келіде Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары