6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБудапешт қаласында Мажарстан Республикасының төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің 3-ші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық министрлігі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Делегация басшылары ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика салаларын тұрақты дамытудың басым бағыттарын талқылады.
ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтің айтуынша, Қазақстан ТМҰ-ға қатысушы және бақылаушы барлық елдермен екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытуда.
Сондай-ақ вице-министр Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар үшін инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған тетіктердің бірі ретінде теңізде де, құрлықта да күрделі жобалар үшін бірқатар преференциялар ұсынатын жаңа тетік – жақсартылған модельдік келісімшартты енгізуді көздейтін заңның жақында қолданысқа енгізілгені туралы хабарлады. Сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушыларды жаңа кен орындарын игеруге қатысуға шақырды.
Сонымен қатар қосалқы құны жоғары өнімдер шығару арқылы мұнай-газ химиясын, сутегі, атом энергетикасы және ЖЭК дамыту бойынша басымдықтар айтылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі