6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПремьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елде жылдық табысы 8 500 АЕК-тен (шамамен 33,4 млн теңге) асатын азаматтар үшін жоғары мөлшерлемелі жеке табыс салығын енгізу ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы министр Мәжілістің жалпы отырысында айтты:
Сонымен қатар сіздердің қарауларыңызға салық жүйесін трансформациялауға бағытталған бірқатар түзетуді ұсынып отырмыз. Маңызды бастамалардың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу. Мәселен, жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатын қызметкерлер үшін 15% мөлшерлеме белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысы бар азаматтарға қосымша салық салу тетігін қалыптастырады.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда салықтан босатылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістерге алдағы уақытта 10% мөлшерлемемен корпоративтік табыс салығы салу жоспарланып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі