6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТеннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 сериясындағы турнирдің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол бұл кезеңге өту үшін әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнерді күтпеген жерден тізе бүктірді.
Кездесу үш сетке созылды. Қазақстандық теннисші матчты 3:6, 6:3, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады. Сенсациялақ жеңісінен соң ол тілшілерге сұхбат берген.
Өз мүмкіндігімді бағамдадым. Оның өз соққыларына өте мықты екенін білемін, сондықтан маған да соққыларымды діттеген жеріне жеткізу керек болды. Үшінші сеттегі брейк кезінде форхэндім сәтті шықты. Сонан соң өзім соққы жасап отырдым. Себебі шөп төсеніште өз соққыларыңа ие болмасаң, жеңіске жету қиын. Шамам жеткенше оған қиындық туғызуға тырыстым және ойым жүзеге асқанына қуаныштымын, - деді Бублик Tennis TV-ге берген сұхбатында.
Бубликтің ендігі қарсыласы – чехиялық Томаш Махач.
Бублик үшінші айналымға өткені үшін 69 100 еуро жүлде мен 100 ATP рейтингілік ұпай иеленді.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші 2023 жылы Галледе жеңімпаз атанса, былтыр екінші айналымнан аса алмаған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі