29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОрта салмақта өнер көрсететін британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) осы дивизионның біріккен чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) үн қатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жыландының тумасы жуырда ғана доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) әлеуметтік желіде: «Қайдасың?» деп жазба арнап, жекпе-жекке шақырған еді. Алайда оған басқа боксшы жауап қатты.
Жә, бәрін қоя тұрайық... Өзің қайдасың? – деп жазды Бентли.
Айта кетейік, британиялық боксшы бұған дейін Жәнібекпен шаршы алаңда кездескен. 2022 жылдың қарашасында қазақстандық спортшы Бентлиді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.
Дензел Бентли - орта салмақта Ұлыбританияның үш дүркін чемпионы, ұлттық белбеудің, WBO International титулы мен Еуропа чемпионы атағының иесі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек