7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ұлыбритания билігі әрбір тұрғынның тәуліктік су тұтынуын шамамен 20 литрге қысқарту қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы Sky News-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Әйтпесе 2050 жылға қарай Англияда тәуліктік су тапшылығы бес миллиард литрге жетуі мүмкін.
Ұзақ жылдар бойы британиялықтар суды үнемдеу мақсатында бір үйдің барлық мүшесі бір ваннаны кезекпен пайдалануға дағдыланғанына қарамастан, үкімет мұндай шараны жеткіліксіз деп санайды. Енді үйлерге су үнемдейтін душ кабиналары мен дәретханалар орнату ұсынылып отыр.
Басылымның жазуынша, Кроули қалалық кеңесі «тұрғын үй бойынша төтенше жағдай» жариялап, бұған себептердің бірі ретінде судың жетіспеушілігін атады. Ал Хартисмир мен Кембриджде 2033 жылға дейін тұрғын үйден басқа жаңа нысандар салуға тыйым салынған. Негізгі себеп – су тапшылығы.
Үкімет 2050 жылға қарай тұрмыстық су тұтынуды бір адамға шаққанда 137 литрден 110 литрге дейін азайтуды көздейтін ауқымды бағдарлама қабылдамақ.
Бағдарламаға тұрмыстық дәретханаларда жаңбыр суын пайдалануды да енгізу жоспарланған.
Сарапшылардың айтуынша, британиялықтар бұрыннан қауіптеніп келген су дағдарысы қазірдің өзінде басталып кеткен.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?