Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБедфордшир қаласында тұратын Гордон Шарвуд есімді британ сеттері Гиннесстің рекордтар кітабына әлемде қан тапсыру бойынша ең көп донор болған ит ретінде тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ооның иесі Сью Митчеллдің айтуынша, тоғыз жастағы ит 45 рет қан тапсырып, шамамен 200 иттің өмірін сақтап қалған.
Mirror басылымының дерегінше, Шарвуд донорлықты 2017 жылы, небәрі 13 айлық кезінде бастаған. Ол 2024 жылы тоғыз жасқа толғанша қан тапсырып келді. Өткен жылдың шілдесінде ол өз рекордын жаңартып, 40 рет қан берген көрсеткішін 45-ке жеткізген.
Сьюдің айтуынша, Шарвудтың мінезі өте сабырлы, сондықтан қан тапсыру кезінде ешқандай қиындық туғызбайды.
Ол адамдарды жақсы көреді, кез келген жағдайда өзін еркін ұстайды, тіпті қан алып жатқан кезде ұйықтап кетеді, - дейді ит иесі.
Сьюдің үш иті де – донор. Шарвудтан бөлек, 11 жастағы Бакстер 33 рет, ал төрт жастағы Бринжал 19 рет қан тапсырған.
Иттерден қан алу процесі адамдарға ұқсайды: алдымен оларды өлшеп, денсаулығын тексереді, содан кейін шамамен 568 мл қан алынады. Егер ит қобалжыса, процедура дереу тоқтатылады. Ал қан тапсырған соң оларды тәттілермен еркелетіп, үйіне сыйлықтармен жібереді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары