22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлыбритания көші-қон саясатын айтарлықтай қатаңдатады. Енді босқын мәртебесін алғандар елде 20 жыл тұрғаннан кейін ғана тұрақты тұруға өтініш бере алады. Мұны Ұлыбританияның ішкі істер министрі Шабана Махмуд The Sunday Time басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа заң қабылданғаннан кейін ол Ұлыбританияға заңсыз жолмен келген мигранттарға (мысалы, қайықпен немесе жүк көліктері арқылы), кейін саяси баспана сұрағандарға, сондай-ақ визасының мерзімі біткен соң ғана баспанаға өтініш берген адамдарға қолданылмақ.
Осылайша, Ұлыбритания Еуропада тұру ыхтиярхатын сұрау мүмкіндігіне ең ұзақ күту мерзімін талап ететін елге айналады. Қазір бұл көрсеткіш бойынша 8 жылдық талаппен Дания бірінші орында. Ал Ұлыбританияға заңды түрде келіп, баспана сұрағандар үшін бұл мерзім – 10 жыл.
Шабана Махмуд сондай-ақ мемлекетке босқындарды материалдық қолдауға міндеттейтін заң нормасын алып тастауды көздеп отыр. Өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, бірақ оны істемейтіндер әлеуметтік баспана мен жәрдемақыдан айырылмақ. Құқық бұзғандар да кез келген қолдаудан шеттетіледі. Босқын мәртебесі әр 30 ай сайын қайта қаралады, ал «қауіпсіз елдерден» келгендер өз отанына қайтарылатын болады.
Қолданыстағы 2005 жылғы заң бойынша, Ұлыбританияда 5 жыл тұрған босқындар мерзімсіз тұру құқығын сұрай алады. Бұл мәртебе әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақыларға мүмкіндік береді әрі болашақта азаматтық алуға жол ашады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев