29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБразилияның Бруски қаласындағы әскери парад барысында джип көрермендер отырған жерге кіріп кетіп, салдарынан төрт адам жарақат алды. Бұл туралы Último Segundo-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқиға салдарынан 75 жастағы қала тұрғынының тобығы сынған және омыртқасынан жарақат алған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ қолында баласы бар 37 жастағы әйел жеңіл жарақат алып, медициналық мекемеге түсті. Дәрігерлер баланың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Сонымен қатар 14 жастағы жасөспірім қыз қолының ауырғанына шағымданып, дәрігерге жүгінген, алайда оны ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Жергілікті билік зардап шеккендерге қажетті көмектің көрсетілгенін және қызметтік тексеру басталғанын растады. Сондай-ақ аталған көліктің әскери бөлімдерге де, муниципалдық құрылымдарға да қатысы жоқ екені, оның жеке автоклубқа тиесілі болғаны анықталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек