Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБразилия сарапшылары Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшіктерін» зерттеуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі G1 сайтына сілтеме жасап.
2 қаңтарда Бразилияда Қазақстан, Әзербайжан және Ресей сарапшыларының кездесуі өтті. Бұл ұшақ Embraer-190 моделі болғандықтан, оны өндіруші ел ретінде Бразилия тергеу жұмыстарына белсенді қатысып жатыр.
Бразилия Әскери-әуе күштерінің сарапшылары апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшіктерінен» деректерді алу және олардың шифрін ашу жұмыстарын бастады. Бұл жазбалар ұшқыштардың арасындағы әңгімелер мен ұшақтың апатқа дейінгі техникалық жағдайы туралы ақпаратты қамтиды, — деп жазады басылым.
Осы деректер негізінде Бразилияның Авиациялық оқиғаларды зерттеу орталығы (Cenipa) апаттың виртуалды моделін жасап, оның нақты себептерін анықтауды жоспарлап отыр. Бұл талдау нәтижелері Қазақстан дайындап жатқан тергеу жұмыстарының қорытынды есебіне енгізіледі.
Зерттеу нәтижелері ұшақтың Баку-Грозный бағыты бойынша рейс кезінде не себепті маршруттан ауытқығанын және апатты қонуға қандай жағдайлар түрткі болғанын анықтауға көмектеседі, - деп жазылған материалда.
Айта кетсек, ұшақ 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар