12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанның Бразилиядағы елшісі Болат Нүсіпов Леблон ауданының қалалық саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СІМ мәліметінше, іс-шараны «Бразилия-Қазақстан» достық форумы ұйымдастырып, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбайұлының 179 жылдығын мерекелеуге орайластырды.
Кездесуге достық қоғамының мүшелері, сондай-ақ Рио-де-Жанейро қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. «Бразилия-Қазақстан» достық форумының атқарушы директоры, профессор Эдельсио Америко қонақтарға португал тілінде Абайдың «Қара сөздер» өлеңдер жинағынан кейбір үзінділер оқыды, - делінген мәліметте.
Абайдың бюсті Рио-де Жанейроның орталық ауданында 2023 жылы «Бразилия Қазақстан» достық қоғамы мен қала әкімдігінің қолдауымен тұрғызылды. Әзірге бұл Оңтүстік және Солтүстік Америка елдеріндегі жалғыз Абай ескерткіші. Флюминенсе университетінің профессоры Эдельсио Америко - Абайдың «Қара сөздер» шығармалар жинағының португал тіліне аудармасының авторы.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер