Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Маңғыстаулық полицейлер «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында браконьерлерден 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіледі, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шара барысында құқық бұзушылықтарды анықтау үшін табиғатты қорғау полиция қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және патрульдік полиция батальоны мен рота қызметкерлерінен бес топ құрылды. Нәтижесінде, 90 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, балық аулау қағидасын бұзғаны үшін 74 тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) хаттамалар жасақталды. 13 адам ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) және 3 адам осы кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша заң алдында жауап береді. Жалпы, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 1099 келі бекіре тұқымдас және 46 келі ұсақ балықтар, итбалықтың майы мен терісі тәркіленді. Сондай-ақ, 500 метр бекіре тұқымдас балығын аулауға арналған ау және «Байда» мен екі резеңке қайық анықталды», - делінген сайт ақпаратында.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд