6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБатысқазақстандық Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан аман алып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұқбатында бұл идеяның аяқастынан келгенін айтты.
Былтыр ғана салған үйім еді. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалысып, бөгет салдық, бірақ таңға таяу су ауылға кіріп кетті. Отбасымды эвакуация жасадық. Не де болса жылдам әрекет ету керек болды. Үйдің іргетасы судан қорғалғандықтан, есіктерден қауіптеніп, монтаж көбігімен бекітуді жөн санадым - дейді ол.
Мағжан қауіптің беті сейілгенде үйіне келіп қараса, ішке бір тамшы су кірмеген.
Сол кезде отбасыма үйдің жайын көрсету үшін видео түсіргем. Сол бейнежазбам әлеуметтік желіде тарап кетіпті, - дейді ол.
Ол бар мақсаты үйін судан сақтап қалу болғанын айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі