13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБҚО-да жағдай күрделі болуына байланысты өңірде 20 күн бұрын төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Орал қаласы мен 4 ауданда су басу қаупі сақталады. Еріген қар суынан төнген қауіп сейілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр. Соңғы тәулікте су деңгейі 34 см-ге дейін көтерілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Төлеуіш Нұржан ОКҚ брифингінде хабарлады.
Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал, оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1784 бірлік техника, 212 су тарту құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді спикер.
24-25-сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалып тұр. Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пунктерге берілді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды