БҚО-дағы су көлемі Атырау өңіріне қарай ойыса бастады

26 Сәуір, 05:21 751
Батыс Қазақстандағы көп мөлшердегі су Атырау облысына ауысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақталып келеді.
 
Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендей бастаған. Өңірде су тасқыны салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
Сонымен қатар, ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді. Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталып отыр.
Перизат Саденова
Бөлісу: