30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБатыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, облыста «Жайық» атауымен жаңа футбол клубы құрылады. Ол клуб бұрынғы «Ақжайық» ФК-ның ойыншылар мен жаттықтырушылар алдындағы жалақы қарызын өтеуді өз міндетіне алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, «Ақжайық» футбол клубы 2024 жылы борышкерлер тізіміне енді. Сондықтан клуб мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығынан толық айырылып, нәтижесінде 36 қызметкер 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалақысын алмады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО департаменті мәліметінше, қарыздың жалпы сомасы 65,2 миллион теңгені құраған.
Осыған дейін облыс басшылығы мен «Ақжайық» футбол клубының құрылтайшылары арасындағы келіссөз барысында. Клуб құрылтайшыларына апанның 10-ына дейін демеушілер мен инвесторлар есебінен мәселені шешуге уақыт берілген еді. Бірақ жағдай реттелмеді. Осыған байланысты облыс әкімдігі жедел шара қарастырып, «Жайық» футбол клубын құру туралы шешім қабылдады.
Алдағы маусымда «Жайық» Қазақстан чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, клубтың жастар құрамасы QJ League (Қазақстанның жасөспірімдер лигасы) турниріне қатысуы мүмкін.
Жаңа құрылған футбол клубы бұрынғы ұжым алдындағы барлық қаржылық міндеттемелерді орындап, өңірдегі футболдың дамуына күш салмақ. Клубтың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, - делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан мәлімдемеде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды