2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындарды 200 миллион теңгеге алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, БҚО Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының бірнеше тұрғынын алдап, олардан 200 миллион теңгеден астам қаражат иемденген ер адамды ұстады. Күдікті азаматтарға жоқ бизнеске ақша салуды ұсынып, олардың сеніміне кірген.
Ұсталған алаяқ Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол әлеуметтік желі арқылы бір әйелмен танысып, өзін iPhone смартфондарын көтерме бағамен көршілес елдерге қайта сататын кәсіпкер ретінде таныстырған. Сенімге кірген алаяқ жәбірленушіге осы бизнестің тиімді екенін айтып, оған ақша салуды ұсынған. Әйел оған екі пәтерін сатып, түскен қаражат пен жеке жинақтарын берген. Нәтижесінде оның шығыны 77 миллион теңгеден асқан. Сонымен қатар алаяқтың құрбаны болған әйелдің туыстары мен таныстары да оның «тиімді» инвестиция ұсынысына сеніп, қаражатын берген, - делінген мәліметте.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алты эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеге жуық.
Тергеу барысында күдікті ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны және букмекерлік кеңселерде ұттырып жібергені анықталды.
Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова